2019 жылғы 24 мамыр күні Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжінде «Кәсіптік білім берудегі инновациялар: оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен озық технологиялары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Баймукашева Найля Сериковна қатысып келді.
Семинардың мақсаты арнайы пән оқытушылары арасында оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен озық технологиялары өзекті идеяларымен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу. Найля Сериковна «Жерге орналастыру мамандығын оқытуда жаңа технологияны пайдалану тиімділігі» тақырыбында баяндама жасақтады. Баяндамада қазіргі озық технологиялардың бірі – CLIL әдістемесін оқытушының геодезия пәніне қолдануы, оның студентке тиімділігі көрсетілді.
Семинар өте сапалы өтіп, тәжірбиелі оқытушылар өз дәрістерінде қолданатын, жаңа технологиялармен таныстырды. Соның ішінде оқытушылардың PlayPosit, Каhoot.lt, Online testpad білім беру платформасымен жұмыстары таныстырылды.
Семинар соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Индер өлкесіне саяхат ұйымдастырылды.