«Табиғатты аялау – болашаққа сенімділік»

2019 жылдың 18-қазаны күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері (жетекшілері Абежанов И.Қ., Губайдуллин Д.С.) Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (басшысы Арыстанов Қ.Б.) ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналып өткізілген (Атырау-Доссор тас жолы) көшеттер отырғызу акциясына белсене қатысты. Аталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Наутиев Ә.И. бастаған лауазымды тұлғалар қатысып, студент жастар аға буын өкілдерімен бірге арнайы бөлінген учаскеде жас көшеттерін отырғызып, оны суарып, өлкеміздің эколгиялық ахуалының жақсаруына аса қажетті игі шараның ортасында болып, «Жастар жылы» аясында бастау алған бастамаға өздерінің  үлестерін қосты.