Қыркүйек айының 20-жұлдызында Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы, «Былина» этномәдениет орталығы және О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжінің «Қазақ-орыс, ағылшын тілдері» пәндік цикл комиссиясының оқытушылары бірлескен түрде тілдер мерекесіне орай «Халықтың байлығы тілде» тақырыбымен облыстық мерекелік шара өткізілді. Шараның шымылдығын ашу кезеңі колледж директоры – т.ғ.д.,профессор Жанұзақов Ислам Исағалиұлына берілді. Шара қонақтарының арасында Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ұйымының өкілі,Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері А.М.Адилова, «Былина» этномәдениет орталығының төрағасының орынбасары, колледждің ардагер ұстазы А.В.Воронцова және облыс мектептері мен колледждерінің оқытушылары болды.
Шара барысында №17 мектеп лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Е.Шадрина мен №30 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.А.Бочкова колледж студенттерімен шеберлік сынып өткізсе, колледж оқытушылары Г.Б.Айтқалиева мен Г.Т.Шанарова да студент жастармен орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша сайыс түрінде сабақтан тыс пәндік шара өткізді.
Шара қорытындысы бойынша «Былина» этномәдениет орталығы атынан оқытушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шара соңы дүниежүзілік бейбітшілік күніне орай әуеге шар ұшыру кезеңімен аяқталды.