2019 жылдың 9-қазан күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында облыстық шара өткізілді.Шараға облыстың аудандарынан техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарынан мамандар қатыстырылды. Осыған орай, аталмыш шараға О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы Б.С.Туракбаева «Жазу – адамзат қоғамы жасаған мәдениеттің биік шыңы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында жазу реформасы ана тіліміздің болашағы үшін жасалған батыл қадам болатындығы жөнінде айтылды.Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиімен жазуы – қазақ елін биіктерге бастайтын кәміл жол.