«Атырау аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысы Құрметті азаматы Оңайбай Көшековтың есімі берілу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы наурыздағы № 9 қаулысын таныстырумен басталған салтанатты шара танымал тұлғаның өмір жолынан түсірілген « Кемелдіктің қайнары» фильмімен басталды.
Алғашқы құттықтау сөзі Атырау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлына берілді.
Құттықтау сөзін мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаев пен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және Көшековтер әулеті атынан Мақсот Оңайбайұлы жалғастырды.
Мерекелік бағдарлама колледждің бас оқу ғимаратында орналасқан Оңайбай Көшековтің бейне-бюстісінің тұсаукесер рәсіміне ұласты. Лентаны қию құрметі мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаевқа және О.Көшековтің жұбайы білім беру және медицина салаларының ардагері Айсұлу Иманғазықызына ұсынылды.
Келесі кезекте шара қонақтары Көшеков атындағы колледж мұражайында болып, «Өнегелі өмір жолы» атаулы мұражай жәдігерлерімен танысты.
Мерекелік бағдарлама Спорт кешенінде орналасқан «Жастар жылы» аясында студенттердің дайындаған шығармашылық жұмыстарымен танысумен жалғасты.