
Мамыр айының 18 — і күні Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарлама аясында «CompArt — 2019» атты 2- өңірлік ІТ — олимпиада мектеп және колледждер оқушылары арасында өтті. Оған О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы — техникалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы 3-4 студенттері Матжан Бекзат, Андарбек Данияр, Даулешов Бекарыс қатысып, жүлделі 2 — орынды иеленді. Команданы дайындаған жетекшісі — оқытушы Жұмажан Айнагүл Жұмажанқызы Алғыс хатпен марапатталды. Ал 4-курс студенті Даулешов Бекарыс университетке оқу ақысына 30 пайызбен оқуға жеңілдік алды. Студенттеріміз бен оқытушымызды құттықтай отырып, өз істерінің шебер маманы болуларына тілектестік білдіреміз.