DOSTI SKILLS AKTAU 2025


🌟 DOSTI SKILLS AKTAU 2025 — болашақтың шеберлері мен жаңашыл ой иелерін біріктірген халықаралық деңгейдегі ауқымды оқиға! 🌍

📍 27 мамыр мен 4 маусым аралығында Ақтау қаласы инженерлік шеберлік пен халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналды.

120-дан астам қатысушы, 31 шетелдік сарапшы мен қонақтар бас қосып, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустрия елдерінен келген үздік командалар өз дағдыларын көрсетуде.

📢 Біздің колледж атынан қатысқан талантты жастар:

– Бериков Бексұлтан – ⚡ электроника бағыты бойынша

– Марат Асылан мен Махажденов Диас 🤖 мобильді робототехника бағыты бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетуде.

👏 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Бұл – жай ғана жарыс емес, бұл – болашақ мамандардың шыңдалу алаңы!