«Junior Skills» сайысы

Сандық техника пәндік бірлестігінің онкүндігі аясында «Junior Skills» сайысы ұйымдастырылды. Бұл шараға  Атырау қаласындағы №31 және №36 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары қатысты. «Junior Skills» сайысының мақсаты: мектеп оқушыларын мамандық таңдауға бағыттау; «Автоматтандыру және басқару» және «Сандық техника» мамандығы аясында Arduino құрылғысы арқылы цифрлық технологияларды үйрету; инновациялық идеяларды дамыту болып табылады. Бұл жоба оқушылардың қабілеттерін ашуға, мамандық әлеміне тереңірек енуге және олардың болашаққа деген сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді. Сайыс барысында оқушылар өз шеберліктерін сынап, заманауи мамандықтардың қыр-сырымен танысып, жаңа дағдыларды меңгерді.Сайыс соңында колледждегі мамандықтар туралы мәлімет беріліп, арнайы брошюралар таратылды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының шараға белсенді қатысқаны үшін колледж директоры атынан Алғыс хаттар табысталды.  Іс-шараны ұйымдастырушылар, арнайы пән оқытушылары М.М. Хатенова, А.Ж. Жұмажан, А.Б. Қазиева және Р.Ш. Наубетова.