Колледждің 1-ші курс студенттері арасында «STEM Олимпиадасы – білім берудегі инновациялар» тақырыбында колледжішілік Олимпиада өтті (ұйымдастырушылар – арнайы пән оқытушылары Наубетова Р.Ш., Хатенова М.М., Жумажан А.Ж., Саримова С.М.). Шараға 1С1, 1С2, 1ЗЕМ1, 1АУ1, 1ТОРА1, 1ТОРА2, 1ВЕТ1, 1ЭТМ1, 1ЦТ1, 1ГК1 оқу топтары қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, жаңа мүмкіндіктер мен шығармашылық шешімдер ұсынды. Олимпиаданың басты мақсаты – студенттердің сауаттылығын арттыру және оларды әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке дайындау, сонымен қатар оларды болашақта іргелі байланыстар орнатуға ынталандыру. Шара барысында қатысушысы топтарға «TEST PAD» бағдарламасында тест тапсырмалары мен жобалау тапсырмалары беріліп, олардың білім мен қабілет деңгейі бағаланды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар колледж директорының Дипломдары,Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Болашақ идеясы» номинациясы бойынша ерекше идеяларымен көзге түскен қатысушылар да арнайы номинациялармен марапатталды. Бұл Олимпиада студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор үлес қосып, болашақтағы үлкен жетістіктерге жол ашты.