«Бекітемін»
Атырау аграрлы- техникалық колледжі директоры, т.ғ.д., профессор И.И.Жанұзақов _________________ |
Атырау аграрлы- техникалық колледжі бойынша 2018 жылға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
|
Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру | ||||
1. | Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен колледж қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша семинарлар өткізу | Семинарлар | 2018 жылғы 2-жартыжылдық |
ведомстволық бағынысты ұйымдар (келісім бойынша) |
2. | Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың өкілдерінің өкілдерімен кездесуді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша өткізілетін шраларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында колледжде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру | Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ-та мақалаларды, сұхбаттарды жариялау | Апта сайын | Кураторлар, бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары
|
3. | Азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі деректі, фильмдерді, арнайы дыбыс-, бейнероликтерді трансляциялауды қамтамасыз ету
|
Деректі, көркем фильмдерді, аудиоджинглдер мен бейнероликтерді трансляциялау | Үнемі | Кураторлар, бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары
|
4. | Колледж студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурстар өткізуге қатысу | Конкурстарға қатысу | Жоспар бойынша | Кураторлар, бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары
|
5. | Колледждің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы бөлімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Министрліктің интернет-ресурсындағы бөлім | Тұрақты | Құрылымдық бөлімшелер
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары | ||||
6. | Жаңа қызметкерлерді колелдждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ережелерімен мен таныстыру | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен танысу | Үнемі | Кураторлар, бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары
|
Мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шаралар | ||||
7. | Басшысын туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда дереу хабардар ету | Басшылыққа ақпарат | Қажеттілікке
қарай |
барлық қызметкер |
8. | Басшылықтың өтініштер бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шаралардың бірін қабылдауы:
1) аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыру; 2) лауазымдық міндеттерін өзгерту; 3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдау. |
Тиісті шешімдер қабылдау | Қажеттілікке
қарай |
Колледж басшылығы |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі шаралар | ||||
9. | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері жөнінде колледж басшылығын уақтылы хабардар ету | ақпарат | Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың жасалуына орай | Басшылық |
10. | Колледж қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа талдау жүргізу | ақпарат | Үнемі | Басшылық |
11. | «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес колледжге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін мониторингтеу мен бақылауды жүзеге асыру | ақпарат | Қажеттілігіне орай | Басшылық |
12. | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және көрсетілетін қызметті алушылар мен көрсетілетін қызметті берушілердің тікелей байланысын болдырмау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемкорпорацияның бойынша қамтамасыз ету | Тиісті іс-шараларды өткізу | Үнемі | Басшылық |
Мемлекеттік сатып алу саласындағы шаралар | ||||
13. | Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылық фактілері туралы заң қызметін уақтылы хабардар ету | Ақпарат | Тұрақты | Есеп бөлімі |
14. | Техникалық ерекшеліктерді және сатып алу барысы және қорытындылары туралы мәліметтерді талдау арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру мониторингін өткізу | Есеп | Тоқсан сайын | Есеп бөлімі |