2018 жылдың 12-16 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 25 жылдығына арналған экономикалық пәндер бойынша «Білімді маман- мәңгілік ел болашағы» тақырыбында апталық өткізілді.Апталықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты- студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз мамандықтарына, экономикалық пәндерге деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылды.
2018 жылдың 12 қарашасында Ерболаева Жұмағыз Абенқызының ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» мамандығығы 3 курс студенттерінің арасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша «Білімді жас-ел ертеңі» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Сайысқа «Бухгалтерлер» және «Аудиторлар» атты 2 топ қатысты. Бұл сайыста студенттер пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын тереңдетіп қана қоймай, болашақ есеп мамандары ретінде өздерінің кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін де көрсете білді.