«Білімді маман- мәңгілік ел болашағы»

2018 жылдың  12-16 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының  25 жылдығына арналған экономикалық пәндер бойынша «Білімді маман- мәңгілік ел болашағы» тақырыбында апталық  өткізілді.Апталықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты- студенттердің жеке тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз мамандықтарына, экономикалық пәндерге деген  қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылды.

2018 жылдың 12 қарашасында   Ерболаева Жұмағыз Абенқызының  ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» мамандығығы 3 курс  студенттерінің арасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша «Білімді жас-ел ертеңі» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Сайысқа «Бухгалтерлер» және «Аудиторлар» атты 2 топ қатысты. Бұл сайыста студенттер пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын тереңдетіп қана қоймай, болашақ есеп мамандары ретінде өздерінің  кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін де көрсете білді.