Ашық сабақ

Ақпан айының 20 жұлдызында математика пәні оқытушысы, жоғары санатты мұғалім Наубетова Рауза Шапхатқызы “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығы студенттеріне “Туынды” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты ойын элементтерін, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде смарт – технологияны қолданып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға зор үлесін қосты. Алдағы уақытта әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!