«Біз техник – механик»

2018 жылдың 21 қарашада арнайы пәндер оқытушылары Х.Г. Зулкарова және Р.М. Болатова жетекшілігімен  2Mx оқу тобында «Біз техник – механик» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді,      Осы сабақтың мақсаты: студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамыту, мамандық бойынша дағдыларды алуда ой-өрісін кеңейту. Шара 4 кезеңнен тұрды: капитандар сайысы, бірінші және екінші команда капитандары Ерсұлтан мен Бакытжан “Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар” пәні бойынша  негізгі құрал-жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен құрылғылары туралы айтылды. Екінші кезеңде- турнир блиц, командалар сұрақтарға дұрыс жауап бере алды, үшінші кезеңде үй тапсырмасы, бірінші команда “мұздатқыш камера” тренажер стендінде жұмыс жасау әдістемесін көрсетті. Судан мұз алынды, ал екінші команда “Тоңазытқыш” тренажер стендінде бөлме температурасының жылы суын тренажерда 5 градусқа дейін салқындатты.            Төртінші кезеңде арнайы пәндер оқытушылары видеосұрақтар қойды.  Шара соңында қазылар алқасының өкілі А. Б. Тимбаев студенттерге грамоталар тапсырды.