«Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы»

2018 жылдың  19-23 қарашасы аралығында арнаулы техникалық пәндер циклдік комиссиясының «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» тақырыбында апталық  өткізілді. Апталықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты – студенттердің жеке тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз мамандықтарына, техникалық пәндерге деген  қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылды.
Осы апталық шеңберінде 19.11.2018ж. күні арнайы пән оқытушысы – Ихсанова Г.И. 2тора1 оқу тобында «Автомобиль құрылымы» пәнінен «Трансмиссия» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ өткізген кезде мұғалім инновациялық технологияларды қолданды. Студенттер пән бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Сабақ өте қызықты өтті.