Білім күні

Құрметті әріптестер, студенттер және ата-аналар!
Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында «Білім күніне» арналған салтанатты шара өткізілді.
Колледжге 2022-2023 оқу жылы қабылданған студент жастар мен олардың ата-аналарын колледж директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Джанзаков И.И. құттықтады.
Колледж ұжымын «Білім күнімен» Қазақстан Халықтық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Атырау қалалық маслихатының депутаты Даулетқазиев Е.Г. құттықтады.
Мерекелік құттықтауларға ата-аналар мен жоғарғы курс студенттері қосылып, жаңа оқу жылы қабылданған студенттерге сәтті жол тіледі.
Мерекелік құттықтаулар талантты студенттер өнеріне ұласты.
Шара соңында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.