«Елбасы жолы»

         Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың ішінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбымен өткізілген жалпыреспубликалық ашық сабағы ерекшеленді. Шара барысында қатысушыларға «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері көрсетіліп, «Тәуелсіз Қазақстан», «Нұрсұлтан» атаулы студенттік топтар сайысқа түсті. Түрлі тарихи деректер мен Елбасының жарқын еңбектеріне арналған тәрбиелік шараға қатысқан Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы АОФ төрағасы Даулетқазиев Е.Г., «Нұр Отан» партиясының ардагері, зейнеткер ұстаз Есалиев С.Қ,, «Жалын» БПҰ бюро мүшесі Қабдолов Қ.Т., аталған ұйымның жауапты хатшысы Искалиева А.С. және басқалар студент жастарға Елбасының орасан зор еңбегі, еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы өлшеусіз кемеңгерлігі туралы әсерлі әңгімеледі. Аталған шараның сапалы өткізілуіне «Тарих» пәнінің оқытушылары Нұрмұханова В.Ә. мен Қабылова Ш.Ж. айрықша үлес қосты.