Еліміздің нұрлы болашағы- білімді ұрпақ қолында

8-16 қараша 2021 жылы Физика -математика және Есептеу техникасы пәндік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Еліміздің нұрлы болашағы- білімді ұрпақ қолында” тақырыбында апталық өтті. 12 қараша күні 2021жылы Информатика пәнінен “Құрылысшы ” мамандығының 1с1 оқу тобында Электронды үкімет порталы тақырыбында Саримова Салтанат Маратовнаның ашық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: Электронды үкімет порталының функцияларын сипаттау, электронды үкімет порталы мен оның функцияларымен таныстыру.
Сабақ барысында студенттер электронды үкімет порталының қызметін пайдаланып, өздеріне қажетті анықтама түрін алды.