Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін

Бүгін,яғни 10 –қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты оқытушылар арасында пікірталас, ой қозғау шарасын өткізді.
Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қарлығаш Пушкинқызы жүргізді. Мұғалімдер өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінді.
Шараның алғашқы шымылдығын колледжіміздің 2агро1 оқу тобының студенті Жасұлан Төреғали Төреәлінің «Бұл- Ақиқат» әнімен ашты.
Топқа бөлінген оқытушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан,шығармаларынан тапсырмалар берілді. «Сахналау айдары» кезеңінде ұлт ұстазының аудармаларын яғни ғибратқа толы мысалдарын оқып, соны қысқаша сахналап беріп, өз ойларын, тұжырымдарын айтты.
«Нақыл сөзден ой түйейік» кезеңінде ақынның дана сөздерінен пікірталас өтті.
Шара соңын 1гк1 оқу тобы студенті Краубай Аймекен «Ерке сылқым» күйімен аяқтады.