Ең үздік жас дарын

22.11.2018ж күні  Республикалық “Жас дарын” ғылыми əдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен “Ең үздік” ғылыми жоба байқауы өтті. Бұл сайысқа колледждің 1зем1 оқу тобы студенті Адилхан Еңлік Мəдениетқызы  өзінің “Қазақстан Республикасының туризмі” атты еңбегімен қатысты. Жобаға колледждің физика пәні мұғалімі ғылыми жетекшілік жасады. Сайыс соңында Республикалық “Жас дарын” ғылыми əдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен “Ең үздік” ғылыми жоба байқауына қатысып,  үздік жоба номинациясын жеңіп алған Адилхан Еңлік Мəдениетқызына ғылыми жетекшілік жасағаны үшін Сариева Шұға Тілешқызы Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің грамотасымен, ал Адилхан Еңлік Мəдениетқызы “Жас дарын” сыйлығының иегері  төс белгісімен марапатталды.