«Жастар және бизнес» жобалар сайысы

2018 жылдың 16 қарашасында  Сәлімгереева Ақмарал Әділшеқызы мен Абилова Жангүл Мақсотқызы  колледж студенттері арасында «Жастар және бизнес» тақырыбында жобалар сайысын ұйымдастырды. Бұл сайысқа қатысқан студенттер    өздері дайындаған бизнес жобаларын таныстырып қана қоймай, жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында кәсіби  құзіреттіліктері  мен креативті ойларын көрсете білді. Жобаға қатысып белсенділік танытқан студенттер колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Сайысты колледж директорының ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Искалиева Асия Сағытжанқызы қорытындылап, сайысты ұйымдастырған оқытушыларға және қатысқан студент жастарға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.