Жемқорлыққа – жол жоқ! – Квест ойыны

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінде колледж студенттерімен “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында  QWEST ROOM  өтті. Алғашқы сөзді колледжіміздің директорының тəрбие  жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Қабдолов алып, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің маманы Утешова Гаухар  Қазиханқызына сөз кезегін берді.  Өз сөзінде қонағымыз студенттерге сəттілік тіледі.  QWEST ROOM  ойынының негізгі мақсаты – студент жастарды тапқырлыққа, білімділікке, жүйріктілікке үйрету,  ой шапшаңдығын, көсбасшылық қасиетін қалыптастырып, зеректігін арттыру. Квест – шытырман ойын. Ойын барысында қатысушы немесе топ мақсатқа жету үшін белгіленген кедергілерден өтуге тырысты, ал  қонағымыз студенттердің жұмыстарын бақылап және саралап отырды,  бағалады. Ойынның шарты бойынша студенттер  “Жемқорлыққа күрес штабы”, “Көне қазбалар”, “Дəстүрлі  қазақ мəдениеті” кабинеттерін аралап келді, содан соң студенттерге сұрақтар берілді, бұл сұрақтардың жауабын студенттер аралаған кабинеттерден іздеуге тиісті болды, ол жерде нұсқаушы болған оқытушылар берген жауаптарына қарай, смайликтер беріп отырды, ойын соңында смайликтер саналды. Ойынға 1ВЕТ1, 1ГК1, 1ЖД1 оқу топтарының студенттері қатысып, өздерінің тапқыр, білімді, жүйрік екендерін көрсетті. Ойын соңында О.Көшековке арналған бюстте кездесіп, осы жерде марапат берілді. 1ЖД1 оқу тобы ” Жүйрік топ”, 1ВЕТ1 оқу тобы” Парасатты топ”, 1ГК1 оқу тобына “Зерек топ” болып танылып,  марапаттар табысталды. Ойын соңы «Атамекен» əнімен аяқталды. Ұйымдастырушылар – “Парасат мектебі” жетекшісі, колледждің жастар саясаты жөніндегі маманы  Шамуратова Гүлбақыт Маратқызы, “Елсана” руханят клубының колледждегі ұйымдастырушысы, тарих пәнінің мұғалімі Нұрмұханова  Венера Алимбайқызы.