Кері байланыс кезінде қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдер

15-19 қараша 2021жылғы Жалпы техникалық пәндік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» тақырыбында апталық өтуде. 18 қараша 2021 жылы  Геодезия және картография пәнінің арнайы пән оқытушысы Шымырбаева Анаргүл Боранбаевна «Кері байланыс кезінде қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдер» тақырыбында  шеберлік сыныбын  өткізді. Шеберлік сыныбының мақсаты:Оқытушыларға сабақ құрылымының элементтерін, оның ішінде кері байланыс, рефлекция кезеңіне жалпы түсінік беру, кері байланыс кезінде қолданылатын әртүрлі әдіс тәсілдерді практика жүзінде көрсету, тәжірибе алмасу.