Көңілді информатиктер

Ақпан айының 18 жұлдызынан бастап колледжде физика-математика және есептеу техникасы циклының “Ақпараттық технологияны дамыту – заман талабы” тақырыбында апталығы өтуде. Апталық жоспарына сәйкес информатика пәні оқытушысы Есламғалиева Айгүл Амангелдіқызы “Көңілді информатиктер” атты 1 курс студенттері арасындағы сайысты шеберлікпен өткізді. Жас магистр маманымызға шығармашылық табыс тілейміз!