«Менің болашақ мамандығым» студент жастардың техникалық шығармашылық көрмесі

22 қараша күні «Менің болашақ мамандығым» атты студент жастардың техникалық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды, бұл көрменің негізгі мақсаты колледж студенттерінің болашақ мамандығына деген құштарлықтарын арттырып, техникалық ойлау қабілеттерін жоғарлату болды.

Көрме колледждің дәлізінде ұйымдастырылып, бұған цикл оқытушылары Шаштиев М.Ш., Есалиев С.К. жауапты болды. Көрмеге әмбебапты топырақ өңдегіш культиватор, магнитті бұрыш тапқыш, тұтандыру свечасын тексеру-тазалау қондырғысы,   инжекторды тазалау қондырғысы бойынша « Автокөліктерге техниалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттері дайындаған жұмыстары қойылса, «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»  мамандығы бойынша баламалы электр көздерінің  макеттері қойылды, олар күн энергиясының электр станциясы, жел электрстанциясының макеттері және тоқ  тарату торабының макеті қойылды, сонымен қатар, оқытушы С.К.Есалиевтың тәжірибелік жұмыстары туралы бейнебаяндама теледидар арқылы көрсетілді.

Бұл көрмеге колледж студенттерімен қоса, колледж директоры Джанзаков И.И., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лапиденова М.С., директордың тәрбие жұмсытары жөніндегі орынбасары Қабдолов Қ.Т. оқу –әдістемелік жөніндегі орынбасары Искалиева А.С.колледж әдіскері Аманғалиева Ж.Н.  өздерінің оң бағаларын берді.

Болашақта осындай студент жастардың шығармашылық жұмыстары кеңінен таратылса, болашаққа  деген  ұмтылыстары жоғарлайтынына сеніміміз мол.