«Оқытушының жан–дүниесі мен жаңаша оқыту әдістерінің сабақтастығы – жетістік көзі»

«Педагогикалық шеберлік сыныбының»  жетекшісі  Кабдрахманова Жанаргүлдің ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Оқытушының жан–дүниесі мен жаңаша оқыту әдістерінің сабақтастығы – жетістік көзі»  тақырыбында  коучинг  өтті.

Мақсаты- қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай оқытушыларға қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір студентті жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін  сезінуге жетелеу. Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын  ажырату.

Міндеттері: Студенттердің жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Студентті  дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу.

Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру.  Колледжде  оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.

Коучинг нәтижесінде:

  • Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;
  • Сұрақты нақты қоюдың тиімділігі нұғынады, қолданады;
  • Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;
  • Студенттерге  қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті студент  даярлайтынын  сезінеді:

Коуч мынадай тақырыптарды қамтыды:

  1. Кіріспе бөлімінде Кабдрахманова Ж.Т. қызығушылықты оят мақсатында  Коучинг туралы мағлұмат берді, кезінде өтіп ж.рген конференция мен семинарлардан коучингтің айырмашылығы түсіндіріліп, ерешеліктері айтылды.
  2. Негізгі бөлімде коучтар қатысушы оқытушыларды бірнеше топқа бөле отырып, сабақта қолданылатын әртүрлі әдіс тәсілдерді іс жүзінде қолданды.

1)Ой қозғау бөлімінде Коуч Тұрақбаева Б.С.  «Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі  неде?» тақырыбын  «Көбелек кихаясы» бейнебаянын көрсете отырып түсіндірді. Ал, «Оқытушы әтикасы» таұырыбын   «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолдана отырып, оқытушылар өздері талқылап шықты.

2) Коуч Ажиғалиева Г.О.СТО дағдылары арқылы «Жаңа әдіс- тәсілдер іс жүзінде» тақырыбын аша отырып, фильмді талқылау әдісін қолданды.

3) Коуч Нұғмарова А.К «Белсенді оқыту стратегияларын»түсіндіре отырып, мәтінді талдау жұмысын көрсетті. Айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын түсіндіре отырып, оқытушыларға  тапсырмаларды орындатты.

4) Халелова Қ.П сергіту сәтін ұйымдастырып, тренингөткізді.

Қорытынды бөлімінде Дәйексөзден түйінді ой қорыту мақсатында, : кері байланыс әдісі қолданылды, яғни қатысқан оқытушылардың пікірі тыңдалды.