«Студент – жас талант»

Колледжде Халықаралық Студенттер күні қарсаңында 2019-2020 оқу жылы оқуға қабылданған оқу топтары студенттері арасында дәстүрлі «Алло,біз таланттарды іздейміз!» байқауы өткізілді. Студент жастардың шығармашылық дамуына және әр түрлі өнер бағытында өзінің мүмкіндіктерін толық көрсетуге   «Жастар» комитеті мүшелері бастаған ұйымдастырушылар өте жоғары деңгейде жағдай жасады. Сабақтын тыс уақытта ұйымдастырылған бұл шарада жаңа оқу топтарында оқитын студенттер сан алуан талант қырларын танытты. Нәтижесінде байқауға қатысушы оқу топтары «Ұйымшыл топ», «Жаңашыл топ», «Өнерлі топ», «Үздік сценарий», «Жаңа қадам», «Мереке думан», «Теңіз жұлдыздары»,  «Қос жұлдыз», «Дарабоз» номинациялары бойынша арнайы Дипломдармен марапатталып, үздік орындаушылар Гала концертке жолдама алды.