Тербелмелі қозғалыс. Математикалық маятник

Ақпан айының 21 жұлдызы күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледждің “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндер бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес физика пәні оқытушысы Есетова Асель Есетқызы 1жд1 оқу тобында “Тербелмелі қозғалыс. Математикалық маятник” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Асель Есетқызы сабақта студенттерді өз беттерімен тәжірибе жасап, оны зерттей білуге, олардың өз бетімен білім алуға жұмыстану қабілетін дамыта білді. Сабақта студенттер физика сабағын үш тілде меңгере алатындықтарын көрсетті. Жас маман Асель Есетқызына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!