Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген ашық сабақ

      Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалаық колледжінде 2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында «Өзін –өзі тану: Махаббат пен шығармашылық  педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік  жоспарға  сай  бағыттталған  шаралармен өткізіліп, өз мәресіне  жетті. Атап айтсақ, колледждің ағылшын тілі пәні оқытушысы Айтқалиева Гүлмария Бейбітқызы «Аударма  ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 -курс студенттерімен «Лондонға  саяхат»  тақырыбындағы  ашық  сабағын  өте жақсы  деген деңгейде өткізді. Сабақтың  мақсатын  негізге ала отырып, адам белгілі бір жетістікке жету үшін алдымен өз отанын, туған  жерін, отбасын, оқып жатқан оқуын сүю керектігі туралы айтылды. Лондонға саяхатқа шығу арқылы сол елдің тарихымен, көрнекті  жерлерімен  таныстырды. «Өз үйім – өлең төсегім» демекші,  өздерінің туған жеріне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға шақырды.