Тәртіп. Жауапкершілік. Сана

Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде а.ж. 29 қарашасы күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қарамұратов Азамат Мейрамбайұлы, ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Қуанышалиев Асылбек Закарияұлы, ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Базарбаев Қуаныш Базарбайұлы жасөспірім студент жастармен кездесу өткізді. Жиналыс барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Колледж қабырғасында мұндай кездесулер жоспарлы түрде өткізіледі.