«Қарттарым – асыл қазынам»

Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің белсенді және өнерлі студенттері (жетекшісі жастар саясаты мәселелері жөніндегі маман Шамұратова Г.М.) Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы АОФ (төрағасы Даулетқазиев Е.Г.), Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Атырау облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  өкілдерімен бірге Атырау облыстық қарттар үйінде  болып, сазды бағдарлама ұйымдастырды. Шара барысында үлкен еңбек жолынан өткен, өмірлік тәжірибелері мол ардагерлер жастарға және қатысушыларға әсерлі естеліктер айтып, бүгінгі күні басты бағыт болып саналатын әлеуметтік мәселелер туралы ойларын ортаға салды.