” IT SKILLS-2019″ кәсіби шеберлік байқауы

Ақпан айының 21 жұлдызы күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндер бірлестігі онкүндігі аясында облыс колледждері студенттері арасында “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығы бойынша ” IT SKILLS-2019″ кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға облысымыздың сегіз колледжінің студенттері белсене қатысты. Байқау тартысты да қызықты өтті. Нәтижесінде Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы колледж студенті Гриневич Владимир 1 орын, С. Мұқашев атындағы жоғарғы колледж студенттері Отаров Алишер 2 орын, Селиверстов Виктор 3 орын және О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледждің 3 курс студенті Қабдығали Ерік 3 орынды иемденді. Байқауға қатысушы қонақтар олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ өткендігін атап өтіп, ризашылықтарын білдірді. Мұндай байқаулардың студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға зор үлесін қосатынына сеніміміз зор. Байқауға белсене қатысқан колледж қонақтарына алғысымызды білдіреміз!